- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында "Тоқаев...
Абай облысында "Тоқаев келеді" деп жолдар жедел жөнделген
Фото:
видеодан алынған кадр
Президент Абай облысына келуіне орай жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы тұрғындардың бірі Тоқаевпен кездесуінде айтты. Оның айтуынша, Успен ауылында өмір бойы жол болмаған. Ал Президент келеді деп жолды бір сәтте төсеген.
Президент мұны "мүлдем масқара жағдай" деді.
"Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады", - деді Тоқаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан