Абай облысында тасжолдан 140 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Омбы-Майқапшағай республикалық маңызы бар автожолының 910-нан 1002 шақырымына дейін автокөлік колоннасы кептеліске ұшырады.
Жарма ауданы Қалбатау ауылынан шыққан в ТЖД арнайы техникасының колоннасы полициямен бірге тұрып қалған колоннаның соңына қарай жол тартты.
Қарлы боранда қалып қойған адамдарды құтқаруға көмек көрсету үшін түрлі қызметтердің күштері мен құралдары бағытталды.
3 тікұшақпен және 1 вахталық рейспен кептеліс орнынан 140 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 бала.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар 490 орынды 3 жылыту пунктін ұйымдастырды.
Полицейлер қар тұтқындарынан құтқарылғандар үшін азық-түлік жеткізуді ұйымдастырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!