Абай облысы Бесқарағай ауданында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін "Семей Орманы" МОТР операторынан Бесқарағай ауданында Дөңгелек орманшылығының аумағында орман жабындысы бар аймақта дақылдар өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында өрт 7 га аумақта оқшауланды. Өрт орнына орман шаруашылығынан, облыстық ТЖД 60 адам, 25 бірлік техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, "Казавиаорманқорғау" АҚ "МИ-2" тікұшағы жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомство.
Қазавиақұтқару "МИ-8" тікұшағмен облыс әкімдігі, ТЖД басшылығы аэровизуалды тексеру жүргізді.
"Абай облысында ыстық және құрғақ ауа райы сақталуда, ормандардың өрт қауіпсіздігі мониторингі облыстық ТЖД ерекше бақылауында", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!