- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында су...
Абай облысында су қоймасының аумағынан 13 жастағы жасөспірім өлі табылды
Абай облысында су қоймасының аумағынан жасөспірім өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Абай облысы Полиция департаменті 6 маусымда облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасының аумағынан пышақ жарақатымен 13 жастағы жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде қайтыс болғанын хабарлады.
Тексеру барысында жасөспірімдер арасында ауызша жанжал болып, арты төбелеске ұласқаны анықталды.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды.
Жанжалға қатысқандар анықталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір толық әрі объектив тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексерудің деректері жария етілмейды.
Полиция ата-аналарға қараусыз қалған жасөспірімдер жазатайым оқиғаға ұрынып немесе құқықбұзушылық жасауы мүмкін екенін ескертті. Тәртіп сақшылары балаларға бақылау мен жауапкершілікті және олардың қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейту қажетін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек