Абай облысында шахтадан алтын ұрлағандар ұсталды

Абай облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан топ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстады. Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен құрамында 3 келі алтыны бар кен табылып, тәркіленді.

Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты.

Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз