Абай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері Алматы-Өскемен автожолында ВАЗ-21110 автокөлігін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көлік тізгінінде болған Өзбекстан Республикасының азаматының әкімшілік айыппұлдар бойынша қарызы бір миллион теңгеден асатыны анықталды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көлік қарыз толық өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылды.
Абай облысы полиция департаменті әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеу қажет екенін ескертті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!