- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында психикалық...
Абай облысында психикалық ауруы бар 78 адамға жүргізуші куәлігі берілген
Фото:
Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Абай облысында психикалық ауруы бар 78 адамға көлік жүргізуге құқық берілгені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
"2023 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігіне талдау жүргізілді. Нәтижесінде облыста психикалық ауруы бар 78 адамға жүргізуші куәлігі берілгені анықталды. Құжаттар жарамды болған", - деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 78 адамның 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды. Қалғандары бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz