Прокурорлар Абай облысында ақша далаға шашылғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы Семей қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау желісін құру жөніндегі жобасына талдау жүргізді.
2020 жылы іске қосылған жобаға қала әкімдігі және Экология министрлігі қатысты болған.
"Шетелдік компания жабдықты 2,6 млн еуроға жеткізіп, ал әкімдік шартты орындаудан шеттеліп, оны орналастыру үшін ангар салу бойынша шаралар қабылдаған жоқ. Нәтижесінде қымбат техника екі жылдан аса пайдаланылмай, ашық жерлерде сақталған, бұл оның бұзылуына және кепілдіктің жоғалуына әкеп соқты", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратура ҚК 371-бабының 1-бөлігі (салғырттық) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.
Әкімшілік жобаны аяқтау, қалада қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптау жүйесін енгізу бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз