- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция
Абай облысында полиция браконьерлерді әуеден бақылады: видео
Абай облысында браконьерлерді ұстау сәті дронға түсірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері Ертіс өзенінде браконьерлерді ұстау мақсатында арнайы операция жүргізді. Полиция бұл сәтті әуеден бақылау үшін пайдаланатын дронға түсіріп алған.
Тексеру кезінде 35 жастағы Семей тұрғынынан 850 келі әртүрлі балық, 398 қытай ауы, жеті қайық, үш бензомотор және жеркепенің астынан жасырылған тіркелмеген ИЖ-58 қосауыз мылтығы табылды. Олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген шығын 2,5 миллион теңгеден асып түсті.
Заңсыз балық аулауды ұйымдастырған адам және оның бес жалдамалы балықшысы су биоресурстарын заңсыз өндіру үшін жауапқа тартылды. Ол қаруды заңсыз сақтағаны үшін де жауап береді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан