Абай облысында полицейлер қоймадан күтпеген нәрсе тауып алды

Абай облысында полицейлер қоймадан күтпеген нәрсе тауып алды
Фото: скриншот

Абай облысында полиция 10 млн теңгенің есірткісі бар қойманы анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қарасора" және "Учаске" ЖПІШ барысында полицейлер Семей қаласының маңындағы қараусыз қалған үйден үш қорап есірткі тауып алды. Бұл орынды есірткі сатушылар уақытша қойма ретінде пайдаланған.

Полицейлер күдіктіні анықтады, ол бұрын сотталған 40 жастағы семейлік тұрғын болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 66 келіден астам кептірілген марихуана екені анықталды. Қара нарықта мұндай есірткінің құны шамамен 10 миллион теңге.

Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметкерлері қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодтарын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина