Абай облысында полицейлер ауыл тұрғынынан гашиш тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шұғыл тінту барысында үйдің ауласындағы сарайдан ерекше иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар екі полимерлі пакет табылып, тәркіленді.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша жалпы салмағы 731.70 грамм болатын гашиш екені анықталды.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Ауыл тұрғынын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау қылмысы үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!