Абай облысында подъезде дәрет сындырған ер адам видеоға түсіп қалды

Абай облысында ер адам көпқабатты үйдің кіреберісіне дәрет сындырып, видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған ұсақ бұзақылық оқиғасын анықтады. Видеода көпқабатты үйдің подъезінде әдепсіз әрекет жасап, қоғамдық орында қажетсінуін орындаған адам бейнеленген.

Полиция қызметкерлері жедел түрде шаралар қабылдап, құқықбұзушының жеке басын анықтады. 22 жастағы облыс тұрғынына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5-тен 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алыну төніп тұр.

Полиция департаменті өңір тұрғындарын қоғамдық орындарда мәдениеттілік сақтауға және әдепсіз әрекеттерден аулақ болуға шақырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!