Абай облысында биыл наурызда қызды құтқарып қалған полицей жол апатынан қаза тапты. Асхат Ахатов 2024 жылғы 18 қазанда жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаға қатысты Абай облыстық полиция департаменті түсінік берді.
"Омбы - Майқапшағай тасжолында үш көлік соқтығысты, салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде Семей полициясының аға сержанты Асхат Ахатов бар", - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
"Полиция департаменті қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген ведомство хабарламасында.
Қайтыс болған полицей осы жылғы наурыз айында қылмыскер пышақтап кеткен қызды аман алып қалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!