Абай облысында отбасы қаладағы тіршілігін ауылға айырбастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.
Олар жеміс-жидек пен көкөністің бірнеше түрін өсіреді, тіпті жылына үш мәрте өнім алады. Олардың жылыжайы - Абай облысындағы ең үлкен жылыжайлардың бірі. Мұнда 39 жылыжай орналасқан. Бұл жерде көкөністің 15 түрі өсіріледі.
Оңтүстік Қазақстаннан көшіп келген Мушохира мен жұбайы Дархан бұған оңайлықпен қол жеткізген жоқ. Жеті жыл бұрын Бородулиха ауданының Новопокровка ауылына табан тірегенде бірде бір жылыжай болмапты.
"Біз мұнда 2016 жылы көшіп келдік. Осы ауылға Семей қаласынан. Әуелде жылыжайларды қалай істеуді білмедік. Ақырын-ақырын үйрендік. Әйелім Сарыағаш жақтан көшіп келді. Олар жақсы біледі. Басында қиын болды. Бір жыл қиналдық. Қазір бәрі жақсы болды", - дейді Дархан Төлебаев.
Отбасылық жұп кәсіпті 4 жылыжайдан бастаған. Қазір мұнда көкөністің түр-түрін өсіріп отыр.
"Экологиялық таза өнімге сұраныс та жақсы", - дейді олар.
"Қияр, қызанақ, пекин капустасы, айсберг, салат жапырақтары, кабачки, укроп, петрушка, руккола, қандай аскөк кафе-мейрамханаға керек, соның бәрін біз шығарамыз. Өскеменге жібереміз, қалаға жібереміз. Клиенттердің өзі звондайды. Біз таксимен жеткізіп тұрамыз", - дейді Мушохира Төлебаева.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!