Абай облысында өртенген аудандағы әкім ауысты

Абай облысында өртенген аудандағы әкім ауысты

Абай облысында өртенген Бородулиха ауданының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Бородулиха ауданының әкімі болып Айдар Ибраев тағайындалды. Облыс басшысының аудан өкілдерімен кездесуі бір минут үнсіздіктен басталды. Нұрлан Ұранхаев жаңа әкімді таныстырып, экономиканың өсуін қамтамасыз ету және ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін барлық әлеуетті пайдалануды тапсырды.

Айдар Ибраев 1979 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақши ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мемлекеттік органдарда және мәдениет саласында жұмыс тәжірибесі бар.

2004 жылдан бастап ШҚО әкімі аппаратында әртүрлі лауазымдарды атқарды. Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2022 жылдың қазан айынан бастап Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат  басқармасының басшысы болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина