- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында өрт:...
Абай облысында өрт: қаза тапқандарға қатысты жаңа дерек айтылды
Абай облысында өртті сөндіруге қатысқан орманшылықтың қаза тапқан бес қызметкерінің жеке басы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Облыс полицейлері өрт сөндіру орнында хабар-ошарсыз кеткен 14 адамның денесін тапты. Орманшылықтың 5 қызметкерінің жеке басы анықталды.
Қазір өрт сөндіру орнында қалған 9 адамның жеке басы нақтыланып жатыр.
Өрт дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды ("екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу).
Біз қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан орманшылықтың батыл қызметкерлерінің отбасылары мен туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз.
Еске салайық, бұған дейін жоғалған Орман шаруашылығы үш қызметкерінің өлі денесі табылған болатын. Кейінгі деректер бойынша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек