Абай облысында ормандағы өртке кінәлі адам ұсталып, жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, Абай облысының Өртке қарсы қызметіне "Семей орманы" МОТР РММ Новошульба филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман жамылғысы аймағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына өңірдегі ТЖД күштері мен құралдары және "Семей Орманы" МОТР қызметкерлері келгеннен кейін жалпы ауданы 0,03 га құрғақ шөптің өртенгені анықталды. Іздестіру іс-шаралары барысында кінәлі адам анықталды.
Трактор иесі Боровлянка ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК 367-бабы 3-бөлігі бойынша 184 600 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!