Абай облысында орман өрті неден шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, өрттің шығу себебі: құрғақ ағашқа жоғары вольтті электр желісінің құлауы болған.
Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және табиғи резерватынан 36 адам мен 9 бірлік техника жұмылдырылды.
Фото: telegram
Семей қаласынан қосымша Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 21 адам және 6 бірлік техника жіберілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз