Абай облысында өгей қызын зорлаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотта оның кінәсі толық дәлелденген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ер адам әйелінің жоқ екенін пайдаланып, жасөспірім қызды шарап ішуге мәжбүрлеген. 12 жастағы қызын қасына жатқызып, фильм көруге шақырған.
47 жастағы ер адам оған зорлық-зомбылық көрсеткен. Оқушы қызға сексуал сипаттағы әрекет жасағанын сотта өзі де мойындаған. Судья өгей әкені өмір бойына бас бостандығынан айырды.
"Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінді. Сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын төтенше тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу туралы үкім шығарды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деді Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нияз Хасенбаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!