Абай облысында мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланың денесін полицейлер тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 22 желтоқсанда Абай облысы Үржар ауданында болды.Бес жасар бала Қаракөл өзеніндегі мұзда ойнап жүріп, астына құлап кеткен.
"Бала мұзға құлағаннан кейін үш сағаттан соң жергілікті тұрғындардан келген еріктілер сәбидің денесін тапты. Баланы табу үшін өзеннің төменгі ағысында құлаған жерден төмен қарай қолмен тесіктер жасалды. Баланың денесі құлаған жерден 75 метр қашықтықтағы мұз астынан табылды", - деп хабарлады Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаменті марқұмның отбасына көңіл айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!