Абай облысындағы моншада шыққан өрттен екі ер адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 ақпанда кешкі сағат 7 шамасында Қаржаубайұлы көшесінде монша кешенінде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Газгольдердің жеке тұрған үй-жайында газ ағып, алдын-ала болжам бойынша жалпы ауданы 75 шаршы метр жақын маңдағы қазандыққа таралған. Өрт кезінде екі ер адам зардап шекті", - делінген хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті жоюға 8 бірлік техника мен жеке құрамның 27 адамы жұмылдырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!