Абай облысында мейрамхана маңында оқ атқан тұрғын ұсталды

Абай облысында мейрамхана маңында оқ атқан тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

23 қыркүйекте сағат 02:00 шамасында Момышұлы көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің маңында мас күйдегі ер адам сигналдық тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан.

Полиция қызметкерлері оны жедел анықтап, полиция бөліміне жеткізген. Ол Семей қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Ер адамға қоғамдық орында масаң күйде жүргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін тиісті шаралар қолданылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деді Абай облысы ПД өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!