Абай облысында прокурорлар 200-ден астам жұмысшылардың құқықтарын қорғап, мемлекет бюджетіне 300 миллион теңгені өндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Семей қаласының прокуратурасы "Зеленстрой Семей" ЖШС еңбек ұжымына жұмыс берушінің 2 жыл бойы 69 миллион теңгеге зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды төлемегенін анықтады.
Кәсіпорын қаржылық жағынан тұрақты болғанына қарамастан, жұмыс беруші өз еркімен берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдамаған.
Осы кәсіпорында 2022 жылдан бастап осы кәсіпорында 319 млн теңгеге салық берешегі болғаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 200-ден астам жұмысшылардың құқықтары қорғалып, бюджетке 300 млн теңге салық берешегі өндірілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!