Абай облысында мас жүргізушінің полицейлерден қашқан сәті видеоға түсіп қалды

Абай облысында мас жүргізушінің полицейлерден қашқан сәті видеоға түсіп қалды

Абай облысында мас күйде көлік айдаған жүргізушінің қашқан сәті бейнебақылауға түсіп қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам патруль көлікті байқап, қозғалтқышты іске қосып, қозғала бастаған. Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен ол Аягөзде жасырынуға тырысқан.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні тоқтатты. Ол мас күйде ВАЗ 2115 көлігін басқарған 28 жастағы жүргізуші болып шықты. Оның мас күйде болғаны расталды.

Көлік арнайы автотұраққа қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!