Абай облысының прокуратурасы мамандырылған ХҚКО-ның лауазымды тұлғаларының заңсыз қызметін әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олар ақшалай сыйақы үшін азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға жәрдем көрсетті деген күдікке ілінген.
Жүргізілген тергеу іс-шаралары нәтижесінде теориялық және практикалық емтихандардан сәтті өткізу мақсатында заңсыз ақша алу схемасы анықталған.
Соталды тергеп-тексеру барысында мамандырылған ХҚКО-ның кейбір қызметкерлері сенімді тұлғалар арқылы жүргізуші куәлігін ақшаға алуға мүдделі азаматтарды іздеумен айналысқаны белгілі болған. Сонымен қатар, заңсыз схемаға делдалдар тартылған, олар нұсқаулық жүргізіп, теориялық емтихан тапсыру кезінде дұрыс жауаптарды алуға мүмкіндік беретін арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз еткен. Техникалық құралдар заттай дәлел ретінде танылды.
Абай облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері жүргізіліп жатқан соталды тергеп-тексеру шеңберінде мамандырылған ХҚКО-ның лауазымды тұлғаларын ұстады.
"Қазір барлық мән-жайды, осы іске қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!