Абай облысында полицейлер екі адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалбатау – Семей тас жолында автокөліктерді тексеру барысында Жарма ауданы тұрғынының көлігі тоқтатылды. Ол ет тасымалдамақ болған. Малды цифрлық чиптеу тергеу аясында ет өнімдерінің иесін анықтауға көмектесті. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар аймақ тұрғындарына тиесілі 26 жылқыны ұрлады деп күдікке ілінген.
Мал ұрлығына жол бермеу үшін ІІМ қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!