Абай облысында той кортежіне қатысушылар жауапқа тартылды

Абай облысында той кортежіне қатысушылар жауапқа тартылды
Фото: ІІМ

Абай облысында жол ережелерін өрескел бұзған той кортежіне қатысушылар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақсуат ауылының Қабанбай көшесінде той кортежіне қатысқан бірнеше жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасаған.

Олардың әрекеті жолдағы басқа қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан барлық жүргізушіні анықтады.

"Тексеріс барысында Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Chevrolet, Toyota және Lada Priora көліктерін басқарған бес адам жауапкершілікке тартылды. Оларға маневр жасау тәртібін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жол апатына себеп болуы мүмкін жағдай туғызу және көлікті пайдалану талаптарын сақтамау бойынша барлығы 19 хаттама рәсімделді. Сондай-ақ, олардың көліктері арнайы айыптұраққа қойылды", - деді Абай облысы ПД өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget