Абай облысында көліктен түсіп, жолда билегендер ұсталды

Абай облысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші мен төрт жолаушы жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПД мәліметінше, олар бағдаршамның қызыл шамы жанғанда көліктен түсіп, билеген. Олар заңды бұзып қана қоймай, өз әрекетін әдейі видеоға түсіріп алған. 

Полиция барлық адамды дереу анықтап, бөлімшеге жеткізді.

"Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төрт жолаушыға "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!