ҚМА Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Жарма ауданында бағалы металдарды заңсыз өндіру схемасын әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында барлау және заңсыз өндіру жұмыстары жүргізілген үш жер анықталды.
Заңсыз қызмет салдарынан топырақ бүлініп, оның ішінде құнарлы қабаты сыпырып алынған.
"Алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдығы, арнайы техника және көліктер тәркіленді. Қазір бұл іске қатысы барлар, заңсыз өндірілген бағалы металл көлемі және келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр. Тергеу жалғасып жатыр", - деді ҚМА өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова