Абай облысында келісімшарт бойынша әскери қызметші қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай гарнизонының баспасөз қызметі мәліметінше, 5 наурызда әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, көз жұмған. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
"Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр. Құрлық әскерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оларға белгіленген тәртіппен қажет қолдау көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова