- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төтенше жағдай
Абай облысында қазандық жарылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Фото:
Видео кадры
22 қараша сағат 10:30 шамасында Үржар ауданында жылу қазандығы жарылды. Салдарынан қазандық қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы фактіге қатысты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша алдын ала тергеу басталды. Материалдар арнайы тергеу жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді.
Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан