Абай облысында қауіпті маневр жасаған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Семей - Павлодар тасжолында Lexus LX570 жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен видеоны анықтаған.
Жүргізуші жедел анықталды.
"20 жастағы жүргізуші жауапқа тартылып, іс материалдары сотқа жолданды", - деді өңір полициясы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова