Абай облысы Жарма ауданының прокуратурасы "Жарма-Су" кәсіпорнында екі ай бойы 106 қызметкер жалақысын ала алмағанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарыз сомасы 22 миллион теңгеден асқан.
""Прокуратура қабылдаған шараларымен жалақы бойынша берешек толығымен өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді", - делінген хабарламада.
Ал кәсіпорын басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!