- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында “кәсіби...
Абай облысында “кәсіби үй ұрысы“ туралы ақпарат жалған болып шықты
Абай облысында “кәсіби үй ұрысы“ туралы ақпарат жалған болып шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде азаматша Дамира Құлмағамбетова "кәсіби үй ұрысы" деп жалған ақпарат тарап кеткен.
Абай облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасы жоғарыда көрсетілген ақпаратқа тексеру жүргізді.
Нәтижесінде, бұл ақпараттың жалған екендігін анықтады.
Аталған азаматша осыған дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат және телекоммуникация желілері арқылы көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұлдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина