- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есірткі
Абай облысында ҚАЖД мекемесіне есірткі лақтырмақ болған ер адам ұсталды
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі аралас мекеме аумағына есірткі заттарын лақтыру фактісінің алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел бөлімнің қызметкерлері №19 мекемесінің іргелес аймағында ер адамды ұстады. Ол скотчпен оралған буманы қоршау үстінен ішке лақтыруға тырысқан. Буманы ашқан кезде ішінен 19 грамнан астам гашиш және 55 грамнан астам марихуана есірткі заттары табылды.
"Осы факті бойынша Семей полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді жедел бөлім бастығы Елжас Айтқалиев.
Еске салайық, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша есірткі заттарын заңсыз жібергені не өткізгені үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан