Абай облысында жылу маусымына жауапты лауазымды тұлғалар жазаланды

Абай облысында жылу маусымына жауапты лауазымды тұлғалар жазаланды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Абай облысының прокуратурасы өңірде жылу беру маусымына дайындау мәселесіне талдау жүргізіп, бірнеше ауданда жылу мерзімінде берілмегені анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдегі прокуратураның мәліметінше, Семейде жылу маусымы 1 қазанда басталған. Алайда басқа аудандарда жергілікті атқарушы органдар жылу беру маусымына дұрыс дайындалмағаны белгілі болды.

Аягөз ауданында қазандық істен шықса, Жарма ауданында жабдықты жөндеу жұмыстары кешіктірілген. 

Прокуратураның актісімен аталған аудандарда жылу беру маусымын бұзғаны үшін Аягөз ауданының әкімі мен облыс әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, "Жарма-Су" КМК директоры қызметінен босатылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан