Абай облысында полиция қысқы кезеңнің басынан бері жолдарды кешенді тексеру және анықталған ақауларды жою жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Барлығы 8 780 текше метр қар шығарылды, бұл өңірдегі жол қозғалысының қауіпсіздігін айтарлықтай арттырған.
Қысқы маусым бойы департамент қызметкерлері облыс аумағында 20 000 шақырымнан аса жолды тексеріп, жол жағдайында әртүрлі кемшіліктерді анықтаған.
Тексеріс нәтижесінде жолдар иелеріне жолдарды күтіп ұстау және қауіпсіздік талаптарын бұзу жөнінде 132 нұсқама жіберілді. Сонымен қатар жолдарды күтіп ұстау, жолдарда жұмыстарды орындау, теміржол өткелдері мен басқа да жол құрылыстарын ұстау талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 20 заңды тұлға мен 12 лауазымды тұлға тартылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова