- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында жолаушылар...
Абай облысында жолаушылар мінген автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды
Фото:
polisia.kz
Абай облысында жолаушылар мінген автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды. Тағы біреуі ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
14 тамызда сағат 05:38 шамасында Toyota Land Cruiser жүргізушісі Таскескен - Бақты тас жолынан 200 метр қашықтықтағы Ақжар ауылында Абылайхан даңғылы арқылы жүріп келе жатып, VANHOOl жолаушылар автобусымен соқтығысты.
Toyota жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан