Абай облысында жол ережесін 34 рет бұзған көлік жүргізушісі ұсталды

Абай облысында жол ережесін 34 рет бұзған көлік жүргізушісі ұсталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz /Әлихан Сариев

Абай облысында 1 241 000 теңге айыппұл арқалап, ережені 34 рет бұзған көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет бюджетіне 3689 әкімшілік іс бойынша 40,7 миллион теңге сомасына әкімшілік айыппұл өндірілген.

Мамандандырылған тұрақтарға өтелмеген айыппұл үшін борышкерлердің 247 көлігі қойылған. Сондай-ақ, 5128 адамға әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабардар етілген.

Мысалы, 15 маусымда "Сергек" қорғау қосымшасының көмегімен патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік есепте тұрған Subaru маркалы көлігін анықтаған, оның жүргізушісі 1 241 000 теңге сомасына ережені 34 рет бұзған. Құқықбұзушының көлігі айыппұл толық өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылған.

Айта кетейік, әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл төлеу жергілікті бюджетті толықтырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz