- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында жол...
Абай облысында жол апатынан бір жүргізуші мерт болып, екі бала ауруханаға түсті
Абай облысында екі көлік соғылып, бір жүргізуші қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бородулиха ауданындағы Семей – РФ трассасының 37 шақырымында Daewoo Espero автокөлігін мінген 24 жастағы жүргізуші 26 жастағы азамат тізгіндеген Toyota camry көлігіне соғылған.
Жол апаты салдарынан Toyota camry көлігін басқарған азамат сол жерде қайтыс болды. Оның екі баласы түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Адам денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіруге әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан