- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында жоғалып...
Абай облысында жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды
Фото:
polisia.kz
Абай облысында жоғалып кеткен бес жасар бала табылды. Бұл туралы ақпарат 17 наурызда Семей полиция басқармасына түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баланы іздеуге облыстық полиция департаментінің жеке құрамы мен қала тұрғындары тартылған.
"Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 5 жасар Саян Степной кентінің маңынан табылды. Баланы қырағы автобус жүргізушісі байқап қалып, оны полиция қызметкерлеріне тапсырады", - делінген хабарламада.
Полицейлер жоғалған баланы байқап, дереу полиция қызметкерлерімен байланысқан автобус жүргізушісіне азаматтық белсенділігі үшін алғыс айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан