10 маусымда жоғалып кеткен Абай облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғалып кеткен 1987 жылы туған Сергей Архиповтың денесін Абай облысы полиция департаментінің қызметтік иті тапқан.
Ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғанын көрсететін белгілер табылмаған.
Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия нәтижесінде болғаны анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!