Абай облысы Чекоман ауылында із-түссіз жоғалған баланы іздеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияға 8 жастағы бала жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Баланы іздеуге жергілікті тұрғындар шыққан. Бұл жұмысқа полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері қосылған.
Полиция бейнебақылау жазбаларын қарап, баланың жүріп өткен бағытын анықтаған.
"Іздестіру жұмыстары барысында бала құдықтан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша ол бұл жерге кездейсоқ құлап кеткен. Оған медициналық көмек қажет болмады", - деді полиция.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!