- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында жер...
Абай облысында жер сілкінісі болды: құрылыстар мен жолдар тексерілді
Жер сілкінісінен кейін Абай облысында құрылыстар мен жолдар тексерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.
Абай облысындағы жер сілкінісі туралы ақпаратқа байланысты жол қызметкерлері ықтимал әсер ету аймағындағы инфрақұрылымның жай-күйіне визуал тексеру жүргізді.
ҚАЖ өкілдері Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі Көкпекті ауылындағы Зайсан көлі аймағындағы жасанды құрылыстарды тексерді.
"Сонымен қатар, республикалық маңызы бар Омбы - Майқапшағай (1005-1090 шақырым) және Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Боғас тасжолының учаскелері (793 шақырымнан 941 шақырымға дейін) тексерілді.
Жасанды құрылыстарды айналып өту және визуал тексеру нәтижесінде ақаулар мен қираулар анықталмады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 8 наурызында кешкі уақытта Ойшілік ауылынан 100 шақырым жерде орналасқан Ақсуат ауданындағы Абай ауданында жер сілкінісі болғанын хабарлаған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек