Абай облысында жер сілкінісі болды

Абай облысында жер сілкінісі болды
Фото: Яндекс карта

Абай облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісі 23 маусымда Астана уақытымен сағат 01:23-те тіркелген.

Жер асты дүмпуі Үржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде болған. 

"Эпицентрдің координаттары - 47,19 градус солтүстік ендік, 81,22 градус шығыс бойлық. Магнитудасы - 4,0. Энергетикалық класы К=9,7", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget