Абай облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2 қарашада сағат 05:45 шамасында Омбы-Майқапшағай тасжолының 615/706-шақырымында Toyota Avensis жеңіл көлігі мен Howa жүк көлігі жол апатына ұшыраған.
Салдарынан Toyota Avensis көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды", - деді полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз