- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында жасөспірімнің...
Абай облысында жасөспірімнің көшеде талмасы ұстап қалды - видео
Абай облысында полицей талмасы ұстап қалған баланы құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, баланың көшенің ортасында талмасы ұстап, қиналып жатқан. Өтіп бара жатқан адамдардың ешқайсысы көмектесе алмағандықтан, жедел жәрдем шақырған.
Дәл осы кезде тәртіп сақшысы Дастан Толахметов шақыртуға кетіп бара жатқан. Полиция қызметкері есінен танып қалған баланы байқап, қасына жүгіріп жетеді. Бала арқасымен жатқандықтан тілі тыныс алу жолдарын жауып, дем алуы қиындаған еді. Ең алдымен полицей баланы аударып, қалыпты тыныс алуы үшін аузын ашады.
"Жедел жәрдем келіп жеткенше баланы қолымнан босатпай, басын ұстап отырдым. Медицина қызметкерлері келген соң баланы оларға тапсырып, арқамнан ауыр жүк түскендей болды", - дейді Дастан.
Полиция қызметкері эпилепсиямен ауыратын 15 жастағы жасөспірімге уақтылы көмек көрсеткен. Қазір баланың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан