Абай облысында ересектердің қарауынсыз қалған бала суға батып кетті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 маусым күні Бесқарағай ауданының Стеклянка ауылында Ертіс өзеніне бала суға батып кетті.
2008 жылы туған қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, шомылуға болмайтын жерде суға түсіп батып кеткен.
Құтқарушылар қыз баланың денесін шығарып алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!