Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды

Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Семей-Курчатов тасжолында екі көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Семей-Курчатов тасжолының 35-шақырымында болған. Chevrolet Nexia маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші ГАЗель көлігін басып озып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол сәтте ол алдында келе жатқан Kia Rio көлігімен соқтығысқан.

Соққы қатты болғаны соншалық - екі жеңіл көліктің де сау-тамтығы қалмаған. Тіпті бірі оқиға орнында отқа оранған.

Жол апатынан екі жүргізуші мен екі жолаушы сол жерде мерт болды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!