Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

19 ақпанда сағат 15:25-те 102 арнасына республикалық маңызы бар Омбы-Майқапшағай тасжолында жол апаты болғаны туралы хабарлама түскен.

"Алдын ала мәлімет бойынша тасжолдың 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt көліктері соқтығысқан", - деді өңір полициясы.

Жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапқан, тағы үш адам түрлі дене жарақатын алған.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!